Otpan News Logo

Тасбақаның аузынан шөп алсаңыз, жолыңыз болады

Тасбақаның аузынан шөп алсаңыз, жолыңыз болады

Тасбақаның аузынан шөп көріп, оны алсаңыз, жолым болды дей беріңіз. Ел аузында тасбақаның аузынан шөпті алған адам бақыт пен байлыққа кенеліп, ұзақ өмір сүреде деген наным бар. Сондай-ақ, жолы болған, бағы жанған адамды "тасбақа шөбі бар" адам деп атайды. Дей тұрғанмен, бақыттың белгісі деп тасбақа көрсеңіз үйіңізге ала жүгірмеңіз. Дала жәндігін өз ортасынан айырса,  қолда тез өліп қалады.  

 

Маңғыстау өлкесінде ұйқыға кеткен Орта Азия тасбақалары ұйқысын тұрды. Олар наурыздың соңында немесе сәуірдің басында оянады. Олар үшін ең қолайлы температура 15-25 градус аралығы. Олар небәрі 2,5–3 ай ғана белсенді болады. Осы уақыт ішінде тамақтанып, ұрпақ қалдырып үлгеруі керек. Маңғыстаудың аптап ыстығы басталғанда шөп кеуіп кетеді. Бұл уақытта тасбақалар жерді қазып қайтадан ұйқыға кетеді. Жазғы ұйқы бірден қысқы ұйқыға ұласады. Олар жер астында 1-2 метр тереңдікте қыстайды. 


86
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!