Otpan News Logo

Жетібай – Кендірлі бағытындағы 50 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп жатыр

|
31.10.2026 20:30
Жетібай – Кендірлі бағытындағы 50 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп жатыр

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы» автомобиль жолының 179–229 шақырымдары аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 132 бірлік арнайы техника мен 198 маман жұмылдырылған. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.


Қазіргі уақытта учаскеде негізгі жұмыстардың басым бөлігі орындалды. Атап айтқанда, 50 шақырымда жер жұмыстары жүргізіліп, геотекстиль, қиыршықтас-құм қоспасы және қара қиыршықтас төселді. Сонымен қатар 47 шақырымға ірі түйіршікті асфальтбетоннан төменгі жабын қабаты салынды.


Бұл жол учаскесін жаңғырту Қазақстанның Түрікменстан мен Иран бағытындағы транзиттік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағының дамуына серпін беруге бағытталған.


Айта кету керек, аталған учаскеде асфальтбетон жабыны алғаш рет 1988–1990 жылдары жол құрылысы кезінде төселген. Содан бері бұл аумақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.


Жоба толық аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін жол жүру уақыты екі есе қысқармақ. Бұған дейін транзиттік және ауыр жүк көліктері жолдың осы күрделі бөлігін 5–8 сағатта жүріп өтсе, жаңартылған жолмен бұл уақытты 2–2,5 сағатқа дейін қысқарту жоспарлануда.


Сонымен қатар дәліздің өткізу қабілеті мен транзиттік әлеуеті екі есеге артады деп күтілуде. Бұл Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, жүк тасымалының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


Жаңартылған жол Түрікменстаннан келетін жүк тасымалдаушылар үшін Маңғыстау облысының негізгі көлік тораптарына Жетібай арқылы тікелей шығуды қамтамасыз етіп, порт инфрақұрылымына қатынауды оңтайландыруға ықпал етеді.

19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!