Ақтауда Республика күніне орай домбырашылар флешмобы өтті
OTPANNEWS.KZ - Республика күніне орай Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Қос перне» домбырашылар ансамблінің қатысуымен «SAYAPARK» ойын-сауық кешенінде «Ұлт рухы – домбыра үні» атты домбырашылар флешмобы өтті.
Ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған тағылымды шараға 100-ге жуық домбырашы қатысып, қазақтың күй өнеріне деген құрметін күй тілімен жеткізді. Домбыраның қос ішегінен төгілген әуендер сауда-ойын-сауық кешеніне жиналған қала тұрғындары мен ата-аналарға ерекше көңіл күй сыйлап, ұлттық мәдениеттің құдіретін тағы бірмәрте сезіндірді.
Флешмоб барысында қазақтың дәстүрлі күйөнерінің інжу-маржандары орындалды. Атап айтқанда, халық күйлері «Жастар биі», «Келіншек», «Кеңес», «Тепеңкөк», Нұрғиса Тілендиевтің «Ататолғауы», Әбдімомын Желдібаевтың «Еркесылқымы» және Құрманғазы Сағырбайұлының«Адай» күйі шырқалды.