Жаңа Конституция: ұлттық құндылықтар мен жастар болашағы
Жаңа Конституция еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне негіз болып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи-мәдени мұраны сақтау, білім мен мәдениетті дамыту мәселелері болашақ ұрпақ үшін маңызды.
Мәдениет пен руханият – елдің бірегейлігін айқындайтын негізгі құндылықтардың бірі. Сондықтан ұлттық мұраны сақтау, оны жас ұрпаққа жеткізу және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларға басымдық беру қажет.
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – жастардың болашағына салынған инвестиция. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытады, білімге деген қызығушылығын арттырады. Осы тұрғыдан алғанда, кітапханалардың қоғам өміріндегі орны ерекше. Олар тек кітап сақтайтын орын ғана емес, жастардың білімін жетілдіріп, рухани дамуына мүмкіндік беретін маңызды мәдени орталық. Ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, білімге ұмтылатын және тарихи мұраны бағалайтын ұрпақ тәрбиелеу – ел болашағының берік негізі. Ал мәдениет пен білім саласына деген қолдау қоғамның дамуына, азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігінің артуына ықпал етеді.
Жаңа Конституцияға қатысты бастамалардың мәні де елдің ұзақ мерзімді дамуына, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және келешек ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыруға бағытталуымен маңызды.
Бақытжан Құдайбергенұлы,
Қ. Сыдиықов атындағы
облыстық әмбебап кітапхананың қызметкері