Otpan News Logo

Саяхатшы Маңғыстауда түйе сүтінен әзірленетін балқаймақтың ерекшелігімен бөлісті

Саяхатшы Маңғыстауда түйе сүтінен әзірленетін балқаймақтың ерекшелігімен бөлісті

OTPANNEWS.KZ - Маңғыстау облысының Сенек ауылында түйе сүтінен дайындалатын ұлттық дәм- «балқаймақты» әзірлеу тәсілі әлеуметтік желіде көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Саяхатшы Ернар Алмабек ауылға сапары барысында жергілікті тұрғындардан тағамның жасалу жолын көріп, дайындау жолымен бөлісті.


Жарияланған бейнежазбада балқаймақтың дайындалу барысы көрсетілген. Алдымен қазанға жаңа сауылған түйе сүті құйылып, оған шекер қосылады. Қоспа баяу отқа қойылып, шамамен үш сағат бойы үздіксіз араластырылады. Осы уақыт ішінде сүт біртіндеп қоюланып, қоңырқай түске енеді. Қою балқаймақ қазанның түбіне жайылып, суығаннан кейін бөліктерге кесіліп алынады.


Тұрғындардың айтуынша, балқаймақ – түйе сүтінен әзірленетін дәстүрлі тәтті тағамдардың бірі. Оны әсіресе балалар сүйсініп жейді. Дайындау тәсілінің ерекшелігі – сүтті ұзақ уақыт бойы үздіксіз араластырып, қажетті қоюлыққа жеткізу. Бұл өз кезегінде тағамның өзіндік дәмі мен құрылымын қалыптастырады.

40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!