Ақтауда 350 орындық көпбейінді балалар ауруханасы салынады
OTPANNEWS.KZ. - Қазіргі уақытта медициналық нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталмақ.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Жаңа аурухана 350 төсек-орынға есептелген. Медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Аурухана құрамында урология, травматология, нейрохирургия, кардиохирургия және басқа да бағыттар бойынша бөлімшелер ашу жоспарланған. Бұл облыс балаларына мамандандырылған медициналық көмекті өз өңірінде алуға мүмкіндік беріп, күрделі жағдайларда ем алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынған болатын.
58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев