Otpan News Logo

Мұнайлыда үш полиция қызметкерінің есімі көшелерге берілді

|
25.10.2026 12:11
Мұнайлыда үш полиция қызметкерінің есімі көшелерге берілді

OTPANNEWS.KZ – 25 қазан – Республика күні аясында, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан үш полиция қызметкерінің есімін ұлықтауға арналған тағылымды іс-шара өтті. 


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жанын қиған азаматтардың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында оларға Басқұдық ауылындағы көшелердің атауы берілді. Бұл – көрсетілген құрмет, рухтарына тағзым және өскелең ұрпаққа өнеге боларлық маңызды қадам.


Салтанатты іс-шараға қатысушылар адалдықтың үлгісін көрсеткен полиция қызметкерлерінің өмір жолына тоқталып, олардың ел алдындағы ерен еңбегін, Отанға деген адалдығын және қызметтік міндетіне деген жауапкершілігін ерекше атап өтті.


Исанов Асиса Қошмұханұлы – ішкі істер органдарында ұзақ жылдар адал қызмет атқарып, 1995 жылы қызметтік міндетін орындау кезінде қылмыскердің қолынан қаза тапты.


Әлиев Тілеуберген Гагаринұлы – «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің аға инспектор-шабуылшысы. Қызметтік міндетін атқару барысында 2011 жылы қайғылы жағдайда өмірден өтті.


Елеусинов Нұрболат Қуанғалиұлы – Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы. 2016 жылы қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапты.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!