Otpan News Logo

Астанада маңғыстаулық шеберлер мен өнерпаздардың думанды өнер кеші басталды

Астанада маңғыстаулық шеберлер мен өнерпаздардың думанды өнер кеші басталды

OTPANNEWS.KZ - Астана қаласында Маңғыстау облысының мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуетін таныстыруға арналған «Маңғыстау: Тамыр. Талғам. Креатив» мәдени-креативті іс-шарасының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға өңірдің мәдениет мекемелері, өнер ұжымдары, қолөнер шеберлері, дизайнерлер мен шығармашылық өкілдері қатысты.


Облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ашылу рәсіміне ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Ержан Дәулетұлы және «Qazaq Creative» креативті индустрияларды дамыту қорының басқарма төрағасы Ерлан Ермекұлы қатысты. Қонақтар көрме алаңын аралап, маңғыстаулық қолөнер шеберлері мен дизайнерлерінің туындыларымен танысты.


Салтанатты іс-шарада Маңғыстау өңірінің өнерпаздары ұлттық өнердің сан алуан үлгісін көпшілікке ұсынды. Аудандық өнер ұжымдары, «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі, Алпысбек Оңайбаев, Тамара Асар, Сәбит Шектібаев, Нұрыс Асқанов пен Әйгерім Құлжарасова өнер көрсетті. Сонымен қатар «Жадағай» ұлттық сән үйінің топтамасы көпшілік назарына ұсынылды.


Сонымен қатар келушілер назарына Маңғыстаудың қолөнер шеберлері, дизайнерлері мен суретшілерінің туындылары ұсынылды. Көрме-жәрмеңке арқылы өңірдің ұлттық нақыштағы бұйымдары мен заманауи шығармашылық жұмыстары көпшілікке таныстырылды.


Мәдени бағдарлама аясында өнер ұжымдарының концерттік қойылымдары мен сән көрсетілімдері де жоспарланған. Бұл бастама өңір шығармашылығының жаңа қырларын ашып, ұлттық мұраны заманауи бағытта дәріптеуге мүмкіндік береді.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!