Otpan News Logo

Жаңбырбай Матаев: «Жаңа Конституция халық шешімімен қабылданады»

|
02.02.2026 10:56
Жаңбырбай Матаев: «Жаңа Конституция халық шешімімен қабылданады»

Маңғыстау облысының Мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындағанын атап, Парламенттік реформа шеңберінде бастапқыда қолданыстағы Ата заңның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу көзделгенін жеткізді, деп жазады otpannews. kz.


«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 8 қыркүйектегі Жолдауында бір палаталы парламент құру мәселесін көтерді. Осы бастама аясында eGov және e-Өтініш порталдары арқылы екі мыңға жуық пікір мен ұсыныс қабылданды. 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Комиссия құрамына Маңғыстау облысынан екі өкіл – мәслихат төрағасы мен Қоғамдық кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіпов кірді. Сондай-ақ комиссия құрамында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, 17 облыс және республикалық маңызы бар үш қаланың мәслихат төрағалары болды. Бұдан бөлек, ғалымдар, қоғам белсенділері, партия және фракция жетекшілері де қатысты», - деді Жаңбырбай Матаев.


Жаңбырбай Матаевтың айтуынша, жиынның басты ерекшелігі - ашық әрі еркін форматта өтіп, онлайн көрсетілді.


«Комиссияның алғашқы отырысында 31 баяндама жасалды. Комиссия мүшелеріне заң жобалары ұсынылып, әрқайсысы өз ұсыныстарын енгізді. Нәтижесінде Конституциялық реформа 77 бапты қамтып, өзгерістер көлемі 84 пайызға жетті. Отырыста Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев жаңа Конституция жобасын қабылдау туралы ұсыныс жасады. Жалпы алты отырыс өткізілді. Бұрын заң жобалары алдымен Мәжілісте қаралып, кейін Сенатта қайта талқыланатындықтан, қабылдау үдерісі ұзаққа созылатын. Қазіргі таңда Ұлттық құрылтайға кең ауқымды мүмкіндіктер беріліп отыр», - деді Жаңбырбай Матаев.
83
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!