Айбек Имашев жұртшылықты Республика күнімен құттықтады
OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстаулық дзюдошы, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Айбек Имашев Республика күнімен құттықтады.
Ол ел тұрғындарына амандық, бірлік пен бақ-береке тілеп, еліміздің өркендеуіне және Қазақстан спортының биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.
Баршаңызды келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Егемен еліміздің ертеңі жарқын болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Көк туымыз көкте желбірей берсін!, - деді Айбек Имашев.
Айта кетейік, ол спорттық мансабында Азия және Еуропа чемпионаттарында жеңімпаз атанып, Әлем кубогында күміс жүлде иеленді. Сонымен қатар «Grand Slam» және «Grand Prix» халықаралық турнирлерінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Айбек Имашев Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан дзюдо федерациясының «Дзюдо тарланы» орденімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алғыс хатымен марапатталған.