Otpan News Logo

Жаңа Конституция ел қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

|
20.10.2026 09:25
Жаңа Конституция ел қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында Отанды қорғау әр азаматтың қасиетті парызы мен міндеті ретінде айқындалған. Әскери қызметті заңда белгіленген тәртіппен атқару - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған маңызды қағидаттардың бірі. Мен бұл ұстанымды толық қолдаймын.


Әскери қызметте тәртіп пен жауапкершілік қатар жүруі керек. Әсіресе, жас сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау, әскери міндеттерін орындауына қажетті жағдай жасау - басты назарда. Сондықтан әскери бөлімде заң талаптарын сақтау, қауіпсіздік шараларын күшейту және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыру айрықша маңызды.


Материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында да қауіпсіздік пен тәртіптің маңызы зор. Әскери техниканың, жабдықтардың жарамдылығын бақылау, қажетті құралдармен уақытылы қамтамасыз ету және белгіленген талаптардың орындалуын қадағалау әскери қызметтің сапасына тікелей әсер етеді.


Менің ойымша, Отанды қорғау міндетін абыроймен атқару үшін әскери тәртіпті нығайтып қана қоймай, сарбаздардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуына да ерекше көңіл бөлу қажет. Жаңа Конституцияда бекітілген қағидаттар осы бағыттағы жауапкершілігімізді терең түсінуге ықпал етеді. Ел тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғау – баршамызға ортақ міндет.


29011 әскери бөлімі

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

батальон командирінің орынбасары - капитан

Әбдімүтәліп Айтмұхамед Дінмұханбетұлы

12
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!