Otpan News Logo

Қарақияда теңіз жағалауынан 173 бекіренің өлексесі табылды

|
21.10.2026 11:40
Қарақияда теңіз жағалауынан 173 бекіренің өлексесі табылды

OTPANNEWS.KZ. – 20 қазанда Қарақия ауданының теңіз жағалауынан 173 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылды.


Оқиға мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында анықталған. Мониторингке Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы мен инспекциясының, Қарақия аудандық полиция бөлімшесінің және облыстық экология департаментінің өкілдері қатысты.


Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары теңіз суынан сынама алды.

«Сынама нәтижелері қосымша хабарланатын болады», деді экология департаменті мамандары.
46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!