Otpan News Logo

Ақтауда «Егемендікке жол» тарихи-танымдық кездесуі өтті

|
21.10.2026 11:07
Ақтауда «Егемендікке жол» тарихи-танымдық кездесуі өтті

OTPANNEWS.KZ. - «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының бастамасымен Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде Республика күніне орай «Егемендікке жол» атты тарихи-танымдық кездесу өтті.


Жиынның мақсаты – мемлекеттік егемендік туралы декларацияның ел тарихындағы орнын кеңінен таныстыру, азаттық жолындағы тарихи оқиғалардың маңызын түсіндіріп, жастардың отаншылдық рухын қалыптастыру.


Кездесу барысында «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова егемендіктің маңызы, қоғамдық келісім және ел болашағы жолындағы азаматтық жауапкершілік туралы ойымен бөлісті.

«Егемендік – ата-бабамыздың арманы мен ұрпаққа қалдырған аманаты. Оны сақтау және нығайту – баршамызға жүктелген ортақ міндет. Әсіресе, жас ұрпақ ел тарихын терең біліп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуі керек. Өйткені елдің болашағы – білімді, жауапты әрі отаншыл жастардың қолында», – деді төрағаның орынбасары Анар Шамшадинова.

Сондай-ақ тарихшы-профессор Орынгүл Табылдиева 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған егемендік туралы декларацияның тарихи маңызына тоқталды.


Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, егемендіктің тарихи мәні мен оны нығайтудағы жастардың рөлін талқылады.

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!