Ақтауда «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі өтті
АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Алты номинация бойынша өткен сайысқа өңірдің әр аудан-қаласынан 44 оқушы қатысып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін танытты.
«Байқаудың мақсаты – дарынды оқушыларды қолдау, ұлттық өнерді дәріптеу және жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту»,- дейді білім басқармасының өкілдері.
Қатысушылар «Ақындар мүшәйрасы», «Ақындар айтысы», «Ұлттық аспапта орындау», «Шешендік өнер және сөз сайысы», «Эссе және әдеби ойлау» және «Көркемсөз оқу өнері» бағыттары бойынша бақ сынады.
«Ақындар мүшәйрасы» номинациясында Жаңаөзен қаласындағы №2 мектептің 11 сынып оқушысы Ниетқабыл Әділбек І орын иеленді. Мұнайлы ауданындағы №15 мектептің оқушысы Лавакбай Алина ІІ орынға лайық деп танылды. Ал Бейнеу ауданындағы Абай атындағы мектептің оқушысы Камаев Фараби, Ақтаудағы «ADVANTA.KZ» озық білім лицейінің оқушысы Ақмұрат Айзере және Қарақия ауданындағы №7 мектептің оқушысы Асқар Расул ІІІ орын алды.
«Ақындар айтысы» бойынша Мұнайлы ауданындағы №16 мектептің 10 сынып оқушысы Сейдуллаева Қызылгүл жеңімпаз атанды. Ақтау қаласындағы №23 мектептің 8 сынып оқушысы Жетыбаев Алишер ІІ орынға ие болды.
«Ұлттық аспапта орындау» номинациясында Қарақия ауданындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Тұрақбай Азат үздік нәтиже көрсетті. ІІ орын Ақтаудағы Ф. Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының оқушысы Гайбулла Жансая мен облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Клычбек Нұрлыханға бұйырды. ІІІ орынға Бейнеу ауданынан Сұлтанов Крымбек, Мұнайлы ауданынан Смағұл Мейрамбек және Түпқараған ауданынан Ашығали Айару ие болды.
«Шешендік өнер және сөз сайысы» бағыты бойынша Мұнайлы ауданындағы №3 мектептің 11 сынып оқушысы Ақғали Нұржау І орынды иеленді. Ақтау қаласындағы №12 мектептің оқушысы Дағыстан Шаңды мен Қарақия ауданындағы З. Бекарыстанұлы атындағы мектептің оқушысы Бөрібай Арайлым ІІ орын алды. Бейнеу, Жаңаөзен және Түпқараған аудандарынан қатысқан Қарыбай Абдуали, Джадырасын Диас және Шалқарбекқызы Толғанай ІІІ орынмен марапатталды.
«Эссе және әдеби ойлау» номинациясында Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Қани Ботагөз жеңімпаз атанды. Бейнеу ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектептің оқушысы Теке Әсел мен Маңғыстау ауданындағы Жармыш мектебінің оқушысы Қуантқан Ақтоты ІІ орынға ие болды. Ал Ақтау, Мұнайлы және Жаңаөзен қаласы мен аудандарынан қатысқан Бирмашева Айнұр, Избасар Айкөркем және Амангелді Асия ІІІ орын алды.
«Көркемсөз оқу өнері» номинациясында Жаңаөзен қаласындағы №15 мектептің 11 сынып оқушысы Ибырайм Дінмұхаммед І орын иеленді. Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко мектеп-лицейінің оқушысы Айболатқызы Ақнұр мен Ақтау қаласындағы №30 мектептің оқушысы Алинурова Марал ІІ орынға лайық деп танылды. Бейнеу ауданынан Дүйсенғали Аида, Мұнайлы ауданынан Кувандық Әбілмансұр және Маңғыстау ауданынан Айболатқызы Ақнұр ІІІ орын алды.