Otpan News Logo

Жаңа Конституция – ел дамуы мен ұрпақ болашағының берік негізі

|
19.10.2026 10:24
Жаңа Конституция – ел дамуы мен ұрпақ болашағының берік негізі
instagram: mangystautv.kz

Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамның өркендеуін айқындайтын басты құжат. Ата Заңымыз әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғап қана қоймай, елдің болашақ даму бағытын белгілейді. Мен үшін Конституцияның маңызы – қоғамда әділдік орнатып, әр адамның өз мүмкіндігін жүзеге асыруына жағдай жасауында. 


Мемлекеттің басты құжатында білім алу, еңбек ету, әлеуметтік қолдауға ие болу және өз құқықтарын қорғау сияқты маңызды қағидаттардың бекітілуі азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімін арттырады. Әсіресе, өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына, жастардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру – ел болашағына салынған инвестиция. Себебі білімді, саналы әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ қана мемлекеттің тұрақты дамуына үлес қоса алады. 


Жаңа Конституцияға қатысты өзгерістер мен бастамалардың мәні де қоғамның сұранысына жауап беріп, мемлекеттің дамуына серпін беруімен бағалануы тиіс. Бұл ретте заң үстемдігін сақтау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және әрбір адамның құқықтарын құрметтеу маңызды. Ата Заңымыздың қағидаттары өмірде нақты жүзеге асып, ел игілігіне қызмет еткенде ғана біз әділетті қоғам құрып, келер ұрпаққа жарқын болашақ қалдыра аламыз.


Нұрбол Оқуов, 

Педагогика ғылымдарының магистрі,

медиа-тренер

71
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!