Жаңа Конституция – балалардың жарқын болашағы мен отбасы құндылықтарының берік кепілі
Маңғыстау өңірі - отбасылық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беретін киелі өлке. Комиссия хатшысы ретінде менің басты міндетім - әрбір баланың қауіпсіз ортада өсуін, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің толық қорғалуын қамтамасыз ету. Балалардың бақытты балалық шағы мен сапалы білім, саналы тәрбие алуы - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.
Конституция - кез келген мемлекеттің құқықтық әрі әлеуметтік тірегі. Ал әлеуметтік әділеттілік, адам құқықтарының үстемдігі және отбасы институтын нығайту – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласы үшін де шешуші мәнге ие. Себебі балалар үшін қоғамдағы қауіпсіздік, әлеуметтік қолдау мен отбасылық тұрақтылық аса маңызды.
Сонымен қатар өсіп келе жатырған жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және заңға бағыну мәдениетіне баулу – бәрімізге ортақ міндет. Балалардың құқығын қорғауды күшейту, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету арқылы біз дені сау, саналы қоғам қалыптастырамыз. Сондықтан елдегі әлеуметтік реформалар мен азаматтардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар өңіріміздегі әрбір отбасы үшін өте маңызды деп есептеймін.
Шынар Байдуллаева,
Маңғыстау облысы әкімі
аппаратының бас инспекторы,
Маңғыстау облысы әкімдігінің
жанындағы кәмелетке толмағандардың
ісі және олардың құқықтарын
қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы