Жаңбырбай Матаев: Сайын Шапағатов – Маңғыстаудың мақтаны, елдің ері
Бүгін Маңғыстауда елінің абыройын асырып, халқының қамы үшін аянбай еңбек еткен біртуар тұлға – Сайын Шапағатовтың 85 жылдық мерейтойына арналған республикалық конференция өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ел тарихындағы дара тұлғаның рухына тағзым етіп, оның елге сіңірген еңбегін насихаттауға арналған маңызды басқосуға ел ағалары мен ғалымдар қатысты.
Сайын ағамыз тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында ел мүддесін биік ұстап, халықтың үні мен үмітін билікке жеткізген нағыз халықтың адамы болды. Оның әділдігі мен адалдығы, халқына деген шынайы жанашырлығы – бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі. Осындай ұлтжанды тұлғалардың өмір жолы мен өнегесін насихаттау – тек Маңғыстау жұртының ғана емес, бүкіл еліміздің ортақ парызы. Бүгінгі конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қонақтар, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары жиналып, Сайын Шапағатовтың ел дамуындағы рөлі мен ұлт мүддесіне қосқан үлесін тағы бір мәрте атап өтті. Сайын ағамыздың өнегелі өмірі мен еңбегі – елге қызмет етудің, адалдық пен азаматтықтың символы болып қала береді, - деді конференцияға қатысқан Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев.
30
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев