Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда «Caspian women talk: Әр әйел - бір әлем» атты әйелдер форумы өтті

|
02.11.2025 15:44
Ақтауда «Caspian women talk: Әр әйел - бір әлем» атты әйелдер форумы өтті

Ақтауда «Caspian women talk: Әр әйел - бір әлем» атты форум өтті. Форумды «Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігі МОФ және Re.Women қауымдастығы бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлайды otpannews.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Форумның негізгі мақсаты - қоғамдағы әйелдердің рөлін нығайту, олардың кәсіпкерлік, көшбасшылық және әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал ету, сондай-ақ табысты әйелдердің тәжірибесін насихаттау арқылы өзге жандарға мотивация беру. Іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков, Германияның аға сарапшылар қызметі (SES) өкілі, «Бастамаға қолдау» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Жанат Сапаржанова, «Re.Women» республикалық әйелдер қауымдастығының және «Respublica» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының мүшелері қатысты. 


Жиын барысында ҚР парламент мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков іс-шараның маңызына тоқталды. 


Біздің қоғамда әйел адамның орны әрқашан ерекше болған және ерекше болып қала береді. Қазақ халқы «әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Бұл - терең мағынасы бар, қазақ әйелінің табиғатына ғана тән ұлағатты сөз. Қазіргі қоғамда әйелдің рөлін тек ана, жар ретінде ғана емес, сонымен қатар мәдени, ұлттық және кәсіпкерлік салаларда өз үлесін қосатын жан-жақты, әлеуметтік белсенді тұлға ретінде дәріптеуіміз қажет. Осы идея аясында форум ұйымдастырылып отыр. Барша көрермендер мен қатысушыларға алғысымды білдіремін, - деді Олжас Құспеков.


Іс-шара барысында «Respublica» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұржігіт Нұрболатұлы «Құрмет» мемлекеттік орденімен және партияның белсенді мүшелері партия төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың атынан алғыс хаттармен марапатталады. Сонымен қатар, форумға қатысушы әйел адамдар кәсіпкерлік, мәдениет, экология саласында жеке баяндамаларын оқыды.


Айта кетейік, жиын соңында «Respublica» партиясының өңірлік филиалының белсенді мүшелері мен жаңа мүшелері партияның өңірлік төрағасы Нұржігіт Хайруллаевтың атынан алғыс хаттарымен марапатталып, форум концерттік бағдарламамен аяқталды.

166
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!