Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда рейдтік-бақылау жүргізілді

|
07.11.2025 15:50
Маңғыстауда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда рейдтік-бақылау жүргізілді
"Қызылсай" табиғи паркі

Табиғатты қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында «Қызылсай» өңірлік табиғи паркіне қарасты «Адамтас» және «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалдарының аумақтарында кезекті рейдтік-бақылау шаралары өткізілді, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

«Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалының басшысы Д.Айтжанов қарамағындағы мемлекеттік инспекторлармен және Кендірлі шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз аңшылық пен табиғат ресурстарын пайдаланудың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізді.

 

Сонымен қатар, «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалының басшысы Н.Оңаев жетекшілік ететін инспекторлар тобы да өз аймақтарында жоспарлы рейд өткізіп, табиғи нысандардың сақталуын, жануарлар дүниесінің қауіпсіздігін және экологиялық тәртіптің орындалуын бақылауға алды.

 

«Біздің басты мақсатымыз – табиғатты сақтау, заңсыз аңшылық пен экологиялық құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Рейдтік шаралар тұрақты түрде өткізіліп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қауіпсіздігі үздіксіз назарда болады», – деді парк директоры Мыңберген Қаратауов.

 

Парк аумағында бұған дейін орнатылған фототұзақтар арқылы жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы мен қозғалысы тұрақты түрде бақылауға алынған. Бұл шаралар табиғи экожүйенің жағдайын бағалауға және сирек кездесетін жануарлар түрлерін қорғауға мүмкіндік береді.

 



72
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!