Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің әдебі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайы қаралды
Ақтауда 31 қазан күні бірыңғай онкүндік аясында өңірлік балық шаруашылығы басқармасы және ветеринария басқармасы қызметшілерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдебі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Өңірлік қоғамдық коммуникация орталығының жазуынша, аталған басқосуға Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Феруза Исмагулова, дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының өкілі Нұрсұлтан Ордаған, басқармаға қарасты мекеме қызметшілері және аудан аралық бөлімшелері ZOOM бейне байланыс арқылы қатысқаны мәлім болды.
«Облыстата сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық,адалдық қағидаттарын ұстану және кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бағытында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енген өзгерістер мен жаңа іріктеу жүйесі бойынша ақпарат берілді, - деді ұйымдастырушылар іс-шара барысында.
Бұдан бөлек, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану және әрбір қызметкердің өз жұмысына жауапкершілікпен қараудың маңызына арнайы тоқталды. Жиында сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар өзара ой-пікірлерін ортаға салды.