Дос Көшім: Дара тұлғаны ұлықтаған Маңғыстау жұртына ризашылығым шексіз
Ақтауда қоғам және мемлекет қайраткері Сайын Шапағатовтың туғанына 85 жыл толуына арналған республикалық конференция өтті. Шараның мақсаты – тұлғаның қоғамдық-саяси қызметін, азаматтық қоғам қалыптастырудағы үлесін жастарға үлгі етті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Конференцияда саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім Сайын Шапағатовтың еңбегін жоғары бағалап, Маңғыстау жұртына өз алғысын білдірді.
Ең алдымен, Маңғыстау халқына үлкен ризашылығымды айтқым келеді. Осындай ер азаматтарын ұлықтап, лайықты құрмет көрсете білгендеріңіз – нағыз елдік пен бірліктің көрінісі. Басқа өңірлерден мұндай кең көлемде ұйымдастырылған құрметті көп көре қойған жоқпын. Әрине, кей жерлерде тұлғалардың аты көшеге беріліп жатады, бірақ елдімекен мен мектепке атын беріп, осындай ауқымды деңгейде конференция өткізу – ерекше іс, - деді саясаттанушы.
Сондай-ақ Дос Көшім тәуелсіздік жолында күрескен тұлғаларды ұмытпау ұлттың рухани парызы екенін атап өтті.
Біз әрқашан ел тәуелсіздігі үшін қызмет еткен азаматтарды есте сақтауымыз керек. Олар тарих бетінде ғана емес, халықтың жүрегінде мәңгі сақталуы тиіс, – деді Дос Көшім.
59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев