Қазақстан өңірлерінде британдық білім беру стандарты кеңейтіледі
Ашық дереккөзден
Primus Education ірі инвестициялық холдингі Қазақстанда британдық білім беру стандарттарын енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды otpannews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Алистер Бартоломью KGIR-2025 алаңдарында бұл жұмыс тек ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар өңірлік дамуға да бағытталатынын атап отыр.
Оның сөзінше, бірлескен жобалар қазақстандық жастарға тікелей өз елінде халықаралық білім алу мүмкіндіктерін ұсына отырып, адами капиталды сақтауға бағытталған. Мұндай мүмкіндік мектеп және университет деңгейінде де бар.
«Олардың қызығушылығы мол, ынтасы зор, рухы өршіл, сондықтан да осының барлығын ағылшын білімімен үйлестіре түсу шын мәнінде жетістіктер тарихына бастайды», - деп атап өтті Алистер Бартоломью.
Жоғары стандарттағы алғашқы білім ордалары бүгінде Астана қаласында ашылған. Сондай-ақ, өңірлерде де ашу жоспарда тұр. Шымкент, Ақтау, Қарағанды қалаларынан оқу орындарын ашу қарастырылып отыр.
«Біз Қазақстанда адами капиталды сақтауға тікелей көмектесеміз. Жастар мектеп деңгейінде де, университет деңгейінде бастапқыда өз елінде отырып халықаралық деңгейдегі білімді ала алады. Бұл олардың болашағы үшін өте маңызды», - деп атап өтті Primus Education президенті Алистер Бартоломью.
173
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев