Otpan News Logo

Жаңаөзенде Оңтүстік Қазақстан университеті делегациясы кәсіби бағдар беру бойынша кездесулер өткізді

Жаңаөзенде Оңтүстік Қазақстан университеті делегациясы кәсіби бағдар беру бойынша кездесулер өткізді

Жаңаөзен қаласында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Әлібек Нұртаев бастаған арнайы делегацияның қатысуымен талапкерлерге арналған ауқымды кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Үш күнге созылған кездесулер барысында университеттің қабылдау комиссиясының мүшелері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен жетекші мамандар Жаңаөзен қаласының мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына жоғары оқу орнының білім беру мүмкіндіктері, қабылдау талаптары, мемлекеттік білім гранттары, студенттік өмір және болашақ мамандықтарды таңдаудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.


Кездесулер барысында университет ректоры Әлібек Нұртаев ата-аналар мен түлектермен еркін форматта пікір алмасып, қазіргі таңда сұранысқа ие педагогикалық мамандықтардың артықшылықтары, сапалы білім алудың маңызы және университеттің білім беру жүйесіндегі мүмкіндіктері туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар әрбір талапкердің қызығушылығы мен қабілетіне қарай дұрыс мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, ата-аналардың көкейіндегі сауалдарға жауап берді.


Іс-шара барысында ата-аналар да университеттің ұсынатын мүмкіндіктеріне жоғары баға беріп, ректор мен профессор-оқытушылар құрамына өздерінің сауалдарын қойып, жан-жақты жауап алды. Түлектер заманауи білім беру бағдарламаларына, халықаралық мүмкіндіктерге, жатақханамен қамтамасыз етілу деңгейіне және студенттерге көрсетілетін әлеуметтік қолдауларға ерекше қызығушылық танытты.


Жалпы үш күн ішінде 100-ден астам мектеп бітірушіге кәсіби бағыт-бағдар беріліп, олардың болашақ мамандықты саналы таңдауларына қолдау көрсетілді. Нәтижесінде 30-ға жуық Жаңаөзен қаласының түлегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне оқуға түсуге ниет білдірді.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!