Otpan News Logo

Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық істерін енді әйел тергеушілер қарайды

Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық істерін енді әйел тергеушілер қарайды

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешім жәбірленушілердің психологиялық жарақат алуын болдырмау мақсатында қабылданған, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Сонымен қатар, Санжар Әділов некеге мәжбүрлеуге қатысты заң нормасын (ҚР ҚК 125-бабы 1-тармағы) түсіндірді. Оның сөзінше, мұндай істерде жәбірленуші әйел де, ер адам да болуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғау үшін серіктесі немесе оның туыстары тарапынан қорқыту не күш қолдану фактісі болуы қажет. Ал мұндай белгілер болмаса, жағдай азаматтық-құқықтық қатынас аясында қаралады.


Министр орынбасары ІІМ сталкингке қатысты бапқа «қайталану» белгісін енгізуді ұсынғанын да айтты. Бұл бастама сотталған адамдардың жазаға тартылып, бас бостандығынан айырылғаннан кейін де жәбірленушілерін қудалауын жалғастырған жағдайларға байланысты көтерілген. Қазір бұл мәселе Мәжілісте талқыланып жатыр.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!