Otpan News Logo

Жаңаөзендік өнерпаз Disney кейіпкерін дыбыстады

|
12.06.2026 12:50
Жаңаөзендік өнерпаз Disney кейіпкерін дыбыстады

Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінің қызметкері, фортепиано үйірмесінің жетекшісі Динара Мамаева шығармашылық ізденіс аясында жаңа форматтағы жобаны қолға алды. Ол әлемге әйгілі Disney студиясының «Мұзды өлке 2» («Холодное сердце 2») анимациялық фильмінің бір үзіндісіне қазақ тілінде дыбыстау жасады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына сілтеме жасап. 


Өнер иесі бұл бастаманы өзінің шығармашылық шеберлігін шыңдау және қазақ тіліндегі контентті түрлендіру мақсатында жүзеге асырған. Оның айтуынша, дыбыстау кезінде басты назар кейіпкердің ішкі жан дүниесі мен эмоциясын дауыс ырғағы арқылы шынайы жеткізуге аударылды.


«Бұл – өнерге деген қызығушылық пен шығармашылық тәжірибенің нәтижесі. Кейіпкердің көңіл күйін дауыс арқылы жеткізуге талпынған бұл контент көрерменге ерекше әсер сыйлайды деп сенеміз», – дейді Динара Мамаева.


Бұл туынды – өңірдегі мәдениет саласы өкілдерінің заманауи технологиялар мен анимациялық өнерді ұштастырудағы жаңашыл қадамдарының бірі. Жергілікті көрермендер мен әлеуметтік желі қолданушылары жаңаөзендік өнерпаздың бұл еңбегіне оң баға беріп, қазақ тіліндегі сапалы дубляжға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетуде.


Айта кетейік, Динара Мамаева тек фортепиано үйірмесінде жас өрендерге музыкалық білім беріп қана қоймай, осындай қызықты шығармашылық жобалар арқылы өнерге деген құштарлықты арттыруды көздейді.

30
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!