Otpan News Logo

Ақтауда «Caspian Start-Up – 2026» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

|
08.06.2026 11:16
Ақтауда «Caspian Start-Up – 2026» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақтаудағы NIS-те дәстүрлі VIII «CaspianStart-Up – 2026» халықаралық стартап-жобалар байқауы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауға 250-ден астам жоба ұсынылып, финалға 20 үздік жоба ғана іріктелді.


Байқау қорытындысы бойынша І орынды Ақтаудағы NIS-тің оқушылары әзірлеген Instant Rescue жобасы иеленді. 


- Біздің Instant Rescue жобасы жүрек соғысын нақты уақыт режимінде бақылап, қауіпті өзгерістерді анықтаған жағдайда бірден ескерту жібереді. Бұл әсіресе күтпеген жағдайларда дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік беріп, адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі, – деді команда капитаны Ақарыс Қарымсақ.


Ал, 2-орынды Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS оқушыларының «Opensport» жобасы иеленсе, 3-орынды Астанадағы NIS IB оқушыларының «Avatar» жобасы алды. Жеңімпаздарға І орынға – 150 000 теңге, ІІ орынға – 125 000 теңге, ІІІ орынға – 100 000 теңге көлемінде сыйақы табысталды.


Сондай-ақ, жеңімпаз 5 командаға арнайы «Mangystau Hub» атынан 100 мың теңгелік сыйақы табысталды.


«Caspian Start-Up» – 2018 жылдан бері Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырып келе жатқан авторлық жоба. Биыл байқау «Жасанды интеллект – болашақ инновациясы» тақырыбында өтіп, қатысушылар өзекті жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық идеяларын ұсынды.


Жобаларға стартаптарды дамыту, инвестиция тарту, зияткерлік меншікті қорғау және кәсіпкерлік экожүйені қалыптастыру салаларында тәжірибесі бар білікті сарапшылар қазылық етті.

138
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!