Otpan News Logo

165 тонналық пойызды сүйреген өрт сөндіруші ел рекордын орнатты

|
12.06.2026 12:00
165 тонналық пойызды сүйреген өрт сөндіруші ел рекордын орнатты
Бейнежазбадан скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушысы Ерсейіт Бірәлин Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Ол жалғыз өзі жалпы салмағы 165,2 тоннаны құрайтын жеті теміржол вагонынан тұратын құрамды орнынан қозғап, 9,75 метрге дейін сүйреп өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.   


Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді. Спортшының жетістігі ресми түрде тіркеліп, оған Қазақстан рекордтар кітабының КИнЭС-2026 батыры атағы берілді.

 

Ерсейіт Бірәлин Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі болып қызмет атқарады. Ол пауэрлифтинг пен грэпплинг спорт түрлерінен спорт шебері, сондай-ақ пауэрлифтингтен әлем чемпионы және Азия чемпионатының қола жүлдегері.


Бұл оның алғашқы рекорды емес. Бұған дейін, 2024 жылы Ерсейіт Бірәлин Батыс өңірінің рекордын жаңартып, салмағы 94 тонна болатын бір теміржол вагонын жалғыз өзі сүйреп өткен болатын.


Осы жолғы нәтиже өрт сөндірушінің күш-қуаты мен спорттағы жоғары дайындығын тағы бір мәрте дәлелдеп, оның есімін Қазақстан рекордтар кітабына енгізді.

 

 


73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!