Маңғыстаулық мұғалімдер республикалық байқауда жоғары кәсіби біліктілігін көрсетті
Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық «Математикалық прогрессия» байқауы өтті. Республикалық байқау қорытындысы бойынша маңғыстаулық мұғалімдер төрт бірдей жүлделі орынға ие болды.
Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға және үздік тәжірибелерді насихаттауға бағытталған білім додасына еліміздің әр өңірінен барлығы 41 мұғалім қатысты.
Маңғыстау өңірінен қатысқан ұстаздар қатарында Ақтау қаласындағы Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Бауыржан Кубейев І орынға лайық деп танылды.
ІІ орын Мұнайлы ауданындағы «QADAM» мектеп-лицейінің мұғалімі Сәкен Төлебаевқа бұйырды.
Сондай-ақ, ІІІ орынға Ақтау қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Руслан Бекжанов мен Мұнайлы ауданындағы №6 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Саламат Бекбаев ие болды.
Бұл нәтиже өңір педагогтерінің кәсіби даярлығы мен пәндік құзыреттілігінің жоғары деңгейін көрсетеді.