Otpan News Logo

Маңғыстауда мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші қамалды

Маңғыстауда мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші қамалды

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған екі жүргізуші анықталып, әкімшілік қамауға алынды. Бірі Ақтауда, екіншісі Шетпе ауылында ұсталған.


Полиция департаментінің мәліметінше, Ақтаудың 20А шағын ауданында таңғы уақытта Nexia көлігін басқарған 24 жастағы жүргізушінің мас күйде болғаны анықталған. Ол жауапкершіліктен жалтару үшін көлік тізгінін басқа адамға бермек болған. Алайда полицейлер бұған жол бермеген. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Ал Шетпе ауылында таңғы уақытта көлік басқарған 19 жастағы азаматтың мас күйде болғаны анықталған. Оның жүргізуші куәлігі де болмаған. Сот оған 20 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.


Полиция мас күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертіп, жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырды.

9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!