Otpan News Logo

Ақтауда темекі тұқылын жерге тастаған төрт тұрғынға айыппұл салынды

Ақтауда темекі тұқылын жерге тастаған төрт тұрғынға айыппұл салынды

OTPANNEWS.KZ – Ақтауда қоғамдық орындарға темекі тұқылын тастаған төрт тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтар бейнебақылау камералары арқылы анықталған.


Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп бұзған азаматтардың жасы – 21, 39, 46 және 49-да. Олар темекі қалдықтарын қоғамдық орындарға тастаған.


Сот шешімімен төрт тұрғынның әрқайсысына 30 500 теңге көлемінде айыппұл салынған.


Полиция қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, тұрғындарды тазалық сақтауға шақырды.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!