Otpan News Logo

Банк картасын сатқан адам жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

Банк картасын сатқан адам жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

OTPANNEWS.KZ – Банк картасын немесе есепшотын басқа адамға сатқан азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мұндай шоттар интернет алаяқтықтан түскен қаражатты аудару үшін пайдаланылады.


Маңғыстау облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Айболат Мырзашевтің айтуынша, дропперлердің арасында мектеп оқушылары мен студенттер де бар. Олар әлеуметтік желі арқылы танысқан адамдардың ұсынысына келісіп, банк картасын 50 мың теңгеге дейін сатып жіберуі мүмкін.


Кейін сол есепшотқа алаяқтардың арбауына түскен азаматтардың ақшасы аударылады. Қаражат бірнеше шот арқылы өткізілгеннен кейін шетелдегі қылмыстық топтарға жіберілуі мүмкін.


«2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстанда дропперлікке қатысты Қылмыстық кодекске арнайы 232-1-бап енгізілді. Бұл бап бойынша жаза құқықбұзушылықтың сипаты мен ауырлығына қарай белгіленеді. Ең жоғары жаза – жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру», – дейді Айболат Мырзашев. 


Полиция өкілі банк картасы мен есепшоты азаматтың жеке меншігі екенін еске салып, оны бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

7
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!