Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Жаңаөзенде ірі көлемді тұрмыстық қалдықты қоқыс контейнеріне тастаған тұрғынға айыппұл салынды

Нұргүл Алясова
|
27.08.2025 15:32
Жаңаөзенде ірі көлемді тұрмыстық қалдықты қоқыс контейнеріне тастаған тұрғынға айыппұл салынды

Жаңаөзенде 25 тамыз күні сағат 18:40 шамасында «Мұнайлы» шағынауданындағы балалар ойын алаңының жанында орналасқан қоқыс контейнеріне Toyota Hilux маркалы автокөлігімен ас үй жиһаздарын тастаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Полиция басқармасының хабарлауынша, оқиғаның куәгерлері дер кезінде 102 нөміріне хабарлады. Полицейлер қоқыс тастаған жеке автокөліктің иесін бірден тапты. Оған ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.


Жаңаөзен қаласының әкімдігі тұрғындар мен кәсіпкерлерден қоршаған ортаға құрметпен қарауды сұрайды.


Айта кетейік, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтарға ескерту жасалады. Қайталанған жағдайда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер бұл бірнеше рет қайталанса айыппұл көлемі ұлғаяды.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!