Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда 30 тамыздан бастап кейбір автобустың жүру бағыты өзгереді

Нұргүл Алясова
|
27.08.2025 13:03
Ақтауда 30 тамыздан бастап кейбір автобустың жүру бағыты өзгереді

Ақтауда 30 тамыздан бастап кейбір автобустардың жүру бағытына қатысты өзгеріс болады. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады otpannews.kz.


Атап айтсақ, №5 автобустың жүру кестесінен «Грин Парк» аялдамасы алынып тасталады. Сондай-ақ соңғы аялдама орны 19а-шағынаудан 20-үйдің артына ауыстырылады. 



Сонымен қатар №6 автобустың бағыты «Әуежай – Әскери бөлім» болып өзгертілгенін хабарлаймыз. Қала бойынша тағы қосымша №6 а автобусы іске қосылып, «Әскери бөлім» аялдамасынан «Алау» демалыс базасына дейін қатынайтын болады. 


Бұл шешім жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, автобустардың тұрақты қозғалысын қамтамасыз етіп, жолаушылар үшін қолайлықты арттыруға бағытталған.


57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!