Енді әскерге шақыру SMS хабарлама арқылы келеді

2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қорғаныс министрлігі азаматтарды әскерге SMS-хабарлама арқылы шақырады. Хабарлама ұялы байланыс нөміріне және «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетке жіберіле бастайды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Электрондық шақыртуда азаматтың жергілікті әскери басқару органына (әскери комиссариатқа) келіп, медициналық тексеруден өту қажеттігі көрсетіледі. Осы тексеру нәтижесінде шақыру комиссиясы азаматтың қызметке жарамдылығы туралы шешім қабылдайды.
Қорғаныс министрлігі SMS-хабарлама жіберу әскерге шақырушыны хабардар етудің ресми тәсілі екенін айтты. Сонымен қатар қағаз түріндегі шақыртулардан бас тарту жоспарланбаған.
Әскери қызметке қатысты заңға енгізілген бұл өзгерістерге Мемлекет басшысы биыл шілде айында қол қойды.
