Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаудың туризм әлеуеті өте жоғары – Екатерина Смолякова

Ақмарал Берекет
|
26.08.2025 17:35
Маңғыстаудың туризм әлеуеті өте жоғары – Екатерина Смолякова

Маңғыстауда «Respubliсa» партиясы облыстық филиалы активінің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смоляковамен кездесуі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Депутаттың айтуынша, жазғы кезең – халықпен тығыз жұмыс істейтін уақыт.


– Депутаттық сапарымызды Маңғыстау облысында қорытындылап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, жыл сайын жаз айларында депутаттар демалмай, елді мекендерді аралап, халықпен жүздесіп, олардың пікірін, мәселелерін тыңдайды. Осылайша, жаз бойы жиналған ұсыныс пен түйткілдерді күзде Мәжіліс қабырғасына оралып, жыл бойы шешу жолында еңбек етеміз, – деді ол.


Екатерина Смолякованың сөзінше, биыл ол Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Маңғыстау облыстарын, сондай-ақ Алматы қаласын қамтып, алты өңірде жұмыс жүргізген. Депутат «Respublika» партиясының фракциясы аз болғанымен, еңбек өнімділігі жоғары екенін атап өтті.


– Бізде 6 депутат болғанымен, 60 депутаттың жұмысын істейді деп айта аламын. Мәселен, бір жыл ішінде түрлі заңдарға 660 түзету ұсыныппыз, оның 154-і қабылданды. Қазақстанды толық қамту үшін әр депутатқа бірнеше облыстан бөлініп берілген. Осылайша біз жұмысымызды барынша тиімді әрі нәтижелі жүргізуге тырысамыз, – деді ол. 


Туризм мәселесіне де ерекше тоқталған депутат: – Қазіргі таңда туризм саласы жаңа деңгейге өту кезеңінде тұр. Жыл сайын сырттан келетін де, ішкі туристердің саны да артып жатыр. Бірақ оның барлығы үшін сервис, маман, ресурс қажет. Республика партиясы кәсіпкерлік партия болғаннан кейін, біздің стратегиямызда туризм негізгі бағыттардың бірі болып белгіленген. Маңғыстау өңірінің туризм әлеуеті өте жоғары. Келгеніме үш күн болды, Бозжыра мен Торыш алқабына барып, жағдайды көзбен көрдік, жергілікті халық пен әкімдік өкілдерінің ұсыныстарын тыңдадық, – деді.


Депутат сондай-ақ жиналған ұсыныстардың әрі қарай қалай қаралатынын түсіндірді.


– Өңірлерде көтерілген мәселе, ұсыныстардың барлығын біз жинап аламыз. Күзде фракция отырысында алты депутат ортаға салып, ортақ тізім жасаймыз. Соның ішінде заң жүзінде түзету енгізілетіндері бөлек қаралады, кейбірін депутаттық сауал ретінде береміз. Әрқайсысын бағытына қарай жіберіп, жыл бойы алдағы сессияда сол бойынша жұмыс істейміз, – деді ол.
51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!