Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Бюрократиясыз аппарат – сапалы нәтиженің кепілі

Otpan News
|
27.08.2025 11:30
Бюрократиясыз аппарат – сапалы нәтиженің кепілі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделей отырып, мониторинг пен талдау жүргізу функциялары берілген.


Аталған Жарлық мемлекеттік аппараттағы шешімдер қабылдау тиімділігін арттыруды, құжат айналымы мен есептілікті қысқартуды, артық функциялар мен қағазбастылықты азайтуды, шамадан тыс заңдық регламенттеуді болдырмауды, сондай – ақ мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін күшейтуді көздейді. Осыған орай, Агенттікпен мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша жүйелі талдау жұмыстары жүргізілуде.


Қазіргі уақытқа дейін бұл бағытта 6 кезеңдік талдау жұмыстары өтіп, денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және әлеуметтік қорғау, сауда, қаржы, экология, ауыл шаруашылығы, көлік, өнеркәсіп, құрылыс, төтенше жағдайлар, энергетика, су ресурстары және ирригация, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі салалары қамтылды. Нәтижесінде Агенттік тарапынан ұсыныстар әзірленіп, жолданды.


Өз кезегінде, Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жоғарыда аталған бағыттар шеңберінде 210-нан астам кейс дайындап, Агенттікке жолданды.


Бұл ретте Департаментпен әзірленген кейстерде артық консультативтік кеңесші органдарын алып тастау және олардың қызметін қашықтықтан жүргізу (онлайн форматта), ақпараттық жүйеге толықтырулар енгізу және ықпалдастыру, артық келісімдерді алып тастау, сондай – ақ, қағаз нысанда жүргізілетін қызметтерді электронды нұсқаға ауыстыру бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.


Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасы Премьер – министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысының 2025 жылғы 26 шілдедегі тапсырмасына сәйкес, Агенттік Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, аталған салада бюрократиядан арылту бойынша талдау жүргізілуде.


Осы ретте, барлық осы салаға қатынасы бар азаматтарды Мәдениет және ақпарат саласында өздеріңізге қатысты бюрократиялық мәселелер немесе ұсыныстарыңыз болса белсенді қатысуға шақырамыз.


Почта: ugu_ aktau@mail.ru

Telegram bot - платформасы: «EgovKzBot2.0»

Байланыс нөмірі: +7 778 181 46 81   


47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!