ҚР ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіп жатыр

Бүгін қала аумағында және «Ақтау» теңіз сауда портының рейдтік айлағында (якорлық тұрақта) ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталығы штабының басшылығымен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде.
Оқу-жаттығуға терроризмге қарсы күрес жөніндегі Теңіз жедел штабының күштері мен құралдары жұмылдырылған.
Оқу-жаттығудың мақсаты – Каспий теңізінде лаңкестік сипаттағы қауіптер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтау.
Оқу-жаттығу барысында аталған аудан аумағында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына шектеу қою шаралары көзделген.
Өткізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауларыңызды, қажет болған жағдайда әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарына қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Маңғыстау облысы бойынша
Департаментінің Теңіз жедел штабының
баспасөз қызметі
