Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктері табысталды

Ақмарал Берекет
|
27.08.2025 09:36
Ақтауда жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктері табысталды

Конституция күні мерекесінің 30 жылдығы қарсаңында Ақтау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл күні жақында 16 жасқа толған жасөспірімдерге ерекше құрмет көрсетіліп, олар өздерінің алғашқы жеке куәліктерін алды. Бұл рәсім жас азаматтар үшін ересек өмірге қадам басудың, жаңа мүмкіндіктерге жол ашудың және мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезінудің нышаны болып саналады.


Жеке куәліктің дәл Конституция күніне орай табысталуының да символдық мәні бар. Өйткені еліміздің негізгі заңы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Мұндай іс-шаралар өңірдегі ХҚКО-ларда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, жастардың патриоттық сезімін оятып, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етуде.


Айта кетейік, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы 16 жасқа толған соң жеке куәлік алуға міндетті. Ол үшін жасөспірім ата-анасының бірінің сүйемелдеуімен туу туралы куәлік пен ата-анасының жеке куәлігін көрсетіп, жақын маңдағы ХҚКО-ға жүгінуі қажет.


Еске сала кетейік, биыл Қазақстан Конституциясына 30 жыл толып отыр.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!