Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионатында сынға түседі

Жанкелді Қаржан
|
27.08.2025 10:30
Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионатында сынға түседі
ҚР бокс федерациясы

Маңғыстаулық боксшы Бекзат Нұрдәулетов қыркүйек айының басында Ұлыбританияда өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бокстан World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде (Ұлыбритания) әлем чемпионаты алғаш рет өткелі отыр.


Әлем біріншілігі қарсаңында ұйымдастырушылар жарыс бағдарламасын ұсынып, 4-10 қыркүйек аралығында алдын ала жекпе-жектер өтетінін мәлімдеді. Ал жартылай және финалдық бәсекелер 12-14 қыркүйекке жоспарланған.


Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі:


Ерлер:

- 50 келі: Санжар Тәшкенбай

- 55 келі: Махмұд Сабырхан

- 60 келі: Бейбарыс Жексен

- 65 келі: Ертуған Зейнуллинов

- 70 келі: Төрехан Сабырхан

- 75 келі: Сабыржан Аққалықов 

- 80 келі: Нұрбек Оралбай

- 85 келі: Бекзат Нұрдәулетов

- 90 келі: Сағындық Тоғамбай

+ 90 келі: Айбек Оралбай


Әйелдер:

- 48 келі: Назым Қызайбай

- 51 келі: Алуа Балқыбекова

- 54 келі: Элина Базарова

- 57 келі: Карина Ибрагимова

- 60 келі: Виктория Графеева

- 65 келі: Аида Әбікеева

- 70 келі: Наталья Богданова

- 75 келі: Надежда Рябец

- 80 келі: Гүлсая Ержан

+ 80 келі: Елдана Тәліпова.


Айта кететін жайт, Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы ІВА өткізген әлем чемпионатында 81 келіде топ жарған болатын. Сондай-ақ, жерлесіміз былтыр желтоқсан айында Таиландта өткен Азия біріншілігінде 85 келі салмақта үздік атанды. Ал шілде айының басында Астанада өткен әлем кубогының кезеңдік бәсекесінде 85 келіде көш бастады.


Бұдан бөлек, жерлесімізге әлем кубогындағы үздік жетістігі үшін Маңғыстау облысының әкімдігі 5 млн теңге ақшалай сыйақы табыстаса, өңірдің бокс федерациясы 10 млн теңге қаржылай сыйақы ұсынды. Спорт күні мерекесіне орай белгілі боксшыға Жаңаөзен қаласының әкімдігі 1 бөлмелі пәтер сыйлады.  


45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!