Жаңаөзенде дзюдодан жастар арасында ел чемпионаты өтеді
ҚР дзюдо федерациясы
Жаңаөзенде 11-14 желтоқсан күндері дзюдододан жастар арасында ҚР чемпионаты өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ел біріншілігіне 2006-2008 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады. Төрт күнге созылатын Қазақстан Чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 621 жас дзюдошы тіркелгені мәлім болды.
Айта кететін жайт, қатысушылар арасында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ернұр Батырғали мен әлем чемпионатының жүлдегерлері Қайырғали Ролан, Мұхамедәлі Жылқайдар бар.
Қазақстан Чемпионаты нәтижесінде 2026 жылғы жаңа спорт маусымына Қазақстан жастар құрамасы жасақталады деп күтіліп отыр.
43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев