Otpan News Logo

Маңғыстаулық боксшы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізеді

|
05.12.2025 12:03
Маңғыстаулық боксшы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізеді
ҚР бокс федерациясы

Бокстан Дубайда басталған әлем чемпионатында маңғыстаулық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды otpannews.kz.


67 келіде Санатәлі Төлтаев замбиялық Жералд Кабиндамен өзара мықтыны анықтайды. 


Жерлесіміз қазан айында Семейде өткен ҚР чемпионатында 67 келіде топ жарған еді. Ол Маңғыстау облысының былғары қолға шеберлері арасында шығыс өңірдегі ел біріншілігінде жүлде алған жалғыз спортшы болды. 


Айта кететін жайт, аталған чемпионат әуесқой бокс тарихындағы ең ауқымды дода болмақ. Бұл сынға 120 мемлекеттік ұлттық құрамасы қатысып, рекордтық масштабта ұйымдастырылып отыр. 


Сондай-ақ, жарыстың жүлде қоры да бұрын-соңды болмаған деңгейдеге жетіп, жалпы сомасы 8,32 миллион АҚШ долларын құрады. 


Әлем чемпионатында әр салмақ дәрежесіндегі чемпиондар 300 000 доллар берілсе, күміс жүлдегерлерге 150 000 доллар табысталады. Ал қола жүлдеге 75 000 доллар, 5-орын иегерлеріне 10 000 доллардан ұсынылады.

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!