Otpan News Logo

Бейнеулік студент республикалық байқауда ІІ орын алды

|
26.10.2026 15:13
Бейнеулік студент республикалық байқауда ІІ орын алды

OTPANNEWS.KZ – Бейнеу политехникалық колледжінің студенті Бексұлтан Айтжанов Астанада өткен «Rail Traffic ProSkills» республикалық кәсіби шеберлік байқауында ІІ орын иеленді. Бұл туралы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеді. 


Байқау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында теміржол саласы мамандықтары бойынша білім алатын студенттер арасында ұйымдастырылған.


Кәсіби додада қатысушылар пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күрделі бекеттік жағдайларда жедел шешім қабылдау және техникалық құжаттамамен жұмыс істеу бойынша білімдері мен тәжірибелерін көрсетті. Сонымен қатар олардың нормативтік-техникалық білімдері және заманауи тренажерлық кешендерде жұмыс істеу дағдылары бағаланды.


Маңғыстау облысының атынан қатысқан Бексұлтан Айтжанов Бейнеу политехникалық колледжінің «Теміржол көлігінде қозғалысты ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша білім алады. Студенттің республикалық байқауда жүлделі орынға ие болуына арнайы пән оқытушысы, ғылыми жетекшісі Гүлзада Реушенованың еңбегі зор.

69
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!