Otpan News Logo

Маңғыстау жастарының креативті жобалары таныстырылды

Маңғыстау жастарының креативті жобалары таныстырылды

OTPANNEWS.KZ.- Астанада өтіп жатқан «Маңғыстау: Тамыр. Талғам. Креатив» өңірлік креативті жәрмеңкесі аясында Маңғыстау жастарының шығармашылық бастамалары мен авторлық жобалары таныстырылды.


Кездесу барысында 2019 жылдан бері Ақтау қаласының мәдени өміріне үлес қосып келе жатқан AKTOWN шығармашылық қауымдастығының қызметі кеңінен таныстырылды. Қауымдастық өкілдері мәдени және шығармашылық бағыттағы «Жиналайық», USHU FESTIVAL, Aktown Talks, Connect жобалары туралы баяндап, қазақы мәдениетті заманауи форматта насихаттауға бағытталған BIR AUYL авторлық үстел ойынын ұсынды.


Аталған бастамалар жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға, мәдени байланыстарды нығайтуға және ұлттық құндылықтарды жаңа форматта дәріптеуге бағытталған.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!