Otpan News Logo

Жаңаөзенде «Бес асыл» республикалық командалық айтысы басталды

|
26.04.2026 14:50
Жаңаөзенде «Бес асыл» республикалық командалық айтысы басталды

Жаңаөзенде ұлттық рухты асқақтатып, төл өнерді дәріптейтін «Бес асыл» республикалық командалық айтысы басталды. Бірегей жобаның екінші маусымында Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласының айтыскер ақындары мен өнерпаздары өзара бақ сынайды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Сайыс тек ақындар айтысымен шектелмейді. Мұнда қазақ руханиятының бес қазынасы: айтыс (сүре, түре, қайым, қыз бен жігіт айтысы), терме, жыр, күй және дәстүрлі ән бағыттары бойынша нағыз мықтылар анықталады. Бұл формат айтыс өнерін жаңа деңгейге көтеріп, көрерменге рухани кеш сыйлайды.


Киелі Маңғыстаудың намысын республикалық айтыстардың жүлдегері, белгілі ұстаз, «Жыр-жебе» ақындар мектебінің негізін қалаушы Нұрлан Мұсаев бастаған топ қорғауда. Ал Шымкент қаласынан келген өнер керуеніне «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, танымал ақын Біржан Байтуов жетекшілік етеді. 


Өнер аламанының тізгінін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Аманжол Әлтай ұстаса, қазылар алқасына «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» төрағасы Жүрсін Ерман төрағалық етуде.


«Бес асыл» жобасы — тек өнер жарысы ғана емес, аймақтар арасындағы мәдени алтын көпірді нығайтып, төл өнерімізді жаңа деңгейге көтеруді мақсат еткен ауқымды бастама.

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!