Otpan News Logo

Ақтауда Ұлттық ұлан роталарының командирлері жиналды

|
24.04.2026 15:13
Ақтауда Ұлттық ұлан роталарының командирлері жиналды
РҰ «Батыс» баспасөз қызметі

Ақтауда ҚР Ұлттық ұланы 6656 әскери бөлімінің базасында роталар командирлерінің үш күндік оқу-әдістемелік жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz РҰ «Батыс» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Іс-шараға Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал гарнизондарынан 30 рота командирі қатысуда. Жиынның негізгі мақсаты – офицерлердің кәсіби деңгейін арттыру, теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру, сондай-ақ озық қызмет тәжірибесімен алмасу.


РҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы, полковник Хамит Қазеновтың айтуынша, жиында роталар командирлерінің басқарушылық қабілеттерін дамытуға және жеке құрамды тиімді дайындау деңгейіне ерекше назар аударылады.


«Бұл оқу-әдістемелік жиынның басты мақсаты – роталар командирлерінің кәсіби деңгейін арттыру. Мұнда алған тәжірибелерін олар өз бөлімшелерінде жеке құрамды даярлау барысында қолданатын болады», - деді ол.


Жиын оқу полигонында далалық жағдайда өтуде. Сабақтар барысында әскери қызметшілер дене және атыс дайындығы бойынша нормативтерді орындап, байланыс, әскери топография, әскери-медициналық дайындық және тактикалық шеберліктерін жетілдіруде.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар командалық құрамның кәсіби құзыреттілігін нығайтып, Ұлттық ұлан бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін арттыруда маңызды тәжірибелік алаң болып отыр. 

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!