Ақтауда ыстық су қашан қосылады?
Бұған дейін otpannews.kz қалада жылу желілеріне температуралық сынақ жүргізілетінін хабарлаған болатын. КЖСА мәліметінше сынақ нәтижесінде ыстық сумен жабдықтау жүйесінің кейбір учаскелерінде ақаулар анықталған.
«Қазіргі уақытта анықталған барлық учаскелерде жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Ақаулар жойылған жерлерде ыстық сумен жабдықтау қалпына келтіріліп, штаттық режимде берілуде. Сондай-ақ, зақымдану жағдайы тіркелмеген аудандарда ыстық су тұрақты түрде беріліп жатыр. Ақау анықталған барлық учаскелер бақылауда және дер кезінде анықталды», - деп хабарлады КЖСА.
Бұл ретте қала тұрғындарына магистральдық желілерде ақау болмағанына қарамастан, үйде ыстық су болмаса, онда үйге қызмет көрсететін мердігер ұйымға (КСК/ЖЭК) жүгініп, ішкі реттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертіліп отыр.