Otpan News Logo

Қазақстан Каспий түбімен интернет-кабелін жүргізуде: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жобаның егжей-тегжейін айтты

Қазақстан Каспий түбімен интернет-кабелін жүргізуде: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жобаның егжей-тегжейін айтты

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ Каспий теңізінің түбімен өтетін Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысы штаттық режимде жүріп жатқанын хабарлады. Жоба 2026 жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Жағалау аймақтарында талшықты-оптикалық байланыс желісі сыртқы қауіптен қорғау үшін қос қабатты броньмен жабдықталады.


«Каспий теңізінің түбімен су асты талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасын іске асыру штаттық режимде жалғасуда. Жобалау және құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарт 2025 жылғы 3 наурызда жасалды. Қазіргі уақытта техникалық кедергілер жоқ», - деді  ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Су асты бөлігінің ұзындығы шамамен 380 км, өткізу қабілетінің максималды деңгейі 400 Тбит/с дейін. Жобаны Қазақстан мен Әзірбайжанның ұлттық телеком-операторлары құрған CaspiLink B.V. (бұрынғы атауы - CASPINET B.V.) бірлескен кәсіпорны іске асыруда. Екі ел арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес, бірлескен кәсіпорындағы «Қазақтелеком» АҚ-ның үлесі - 50%.

 

Қазіргі уақытта Еуропа мен Азия арасындағы интернет-трафик транзитіндегі Қазақстанның үлесі небәрі 1,5%. 2027 жылға қарай бұл көрсеткішті 5%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Транскаспийлік жоба халықаралық түйісу нүктелерінің өткізу мүмкіндігін 54%-ға арттыруға мүмкіндік береді.


Өз кезегінде «Қазақтелеком» жобаны қаржыландыру компанияның жеке қаражаты есебінен жүргізіліп жатқанын растайды. Алайда EPC-келісімшарттың құны мен мердігердің есімі жария етілмейді.


«EPC-келісімшарттың құны құпия ақпаратқа жатады. EPC-мердігер ретінде танымал халықаралық компания жұмыс істейді. Бірақ CaspiLink B.V. компаниясы мен мердігер арасында мәліметтерді жария етпеу туралы келісім (NDA) жасалғандықтан, бұл компания туралы ақпарат ашылмайды», - деп хабарлады компания.

«Қазақтелекомның» мәліметінше, Орталық Азия мен Қытайдың телекоммуникациялық компаниялары тарапынан бұл бағытқа деген қызығушылық өте жоғары. Қазіргі уақытта келіссөздер жүріп жатыр. Келісімшартқа қол қою және трафикті өткізу жоба аяқталғаннан кейін жоспарлануда.

Сондай-ақ «Қазақтелеком» Транскаспийлік ТОБЖ-ны «мемлекеттердің бір-бірімен тікелей қосылуының стандартты механизмі» деп сипаттайды. Компания Қазақстанның барлық көршілерімен: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Түркменстанмен трансшекаралық қосылыстары қамтамасыз етілгенін атап өтті.


«Қазіргі уақытта Әзірбайжанмен байланысудың баламалы механизмі жоқ. Осылайша, барлық көршілес мемлекеттермен қосылыстарды қалыптастыру кезеңі аяқталуда», – деп мәлімдеді компания

Жағалау аймақтарында кабельді кеме зәкірлерінен және балық аулау қызметінен қорғау үшін қос қабатты бронь қолданылатыны белгілі болды. Маршрут екі елдің мемлекеттік органдарымен келісіліп, қоғамдық талқылаудан өткен.

Сонымен қатар компания мердігермен жасалған келісімшартта зақым болған жағдайда  жөндеу жұмыстары мен су асты кабель жүйесіне арналған қосалқы бөлшектер (ЗИП) қоры қарастырылғанын қосып өтті.

7
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!