Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтсеңіз 8650 теңге айыппұл арқалайсыз
Көлік ағынының артуы мен жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы – өзекті мәселе. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі салдарынан орын алады. Жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 148 оқиға тіркеліп, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
“Оқыс оқиғалар мен апаттық жағдайдың алдын алу үшін азаматтар жолдан жаяу жүргіншілер жолағы арқылы өтуі қажет. ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен адамға 2АЕК(8 650тг), ал бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК(43 250тг) айыппұл салынады”,- деді Әкімшілік полиция басқармасының аға анспекторы Набира Бисекенова.
Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту – өз өміріңізге қауіп төндіріп, өзгеге зиян келтірумен тең. Жол қателікті кешірмейді. Сондықтан жолды белгіленген жерден өтіп, қауіпсіздік ережесін сақтаңыз!
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев