Otpan News Logo

Ақтауда «МАЭК» кәсіпорнының екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды

|
26.04.2026 14:28
Ақтауда «МАЭК» кәсіпорнының екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды

Төтенше жағдай №1 цехта жабдықтарды қышқылмен жуу кезінде болған. Шлангты ажырату барысында қышқыл сыртқа шашырап, салдарынан екі қызметкердің беті мен көзінен химиялық күйік шалды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты informburo.kz-ке сілтеме жасап. 


Зардап шеккендер шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал кәсіпорында тексеру тағайындалды. Еңбек инспекциясы жарақаттың ауырлық деңгейін анықтау үшін медициналық қорытындыны күтіп отыр. Егер жағдай ауыр деп танылса, арнайы тергеу амалдары жүргізіледі.

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!