«Ыстық су қажет»: Инфекциялық ауруханада жатқан балалар қиын жағдайға тап болды
Ақтауда инфекциялық ауруханада баласымен бірге жатқан аналардың бірі жылу мен ыстық су өшірілгеннен кейін ешқандай жағдай жоқ екенін айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.
«Ауруханада жылу өшірілген соң, әдеттегідей ыстық суды да өшіріп тастады. Ал мұнда кішкентай емделіп балалар жатыр. Оларды күн сайын жуындырып отыру керек. Неге аурухана бойлерлермен немесе жыл бойы суды жылыту жүйесімен қамтамасыз етілмеген? Әлде балалар сәуірден қазанға дейін жуынбай жүруі керек пе?» - дейді аналардың бірі.
Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында инфекциялық бөлімше 1-шағынауданда орналасқан. Сонымен бірге, МО көпсалалы ауруханасының жалға алынған ғимаратында жұмыс істейтінін мәлімдеді.
«Сондықтан инженерлік инфрақұрылым мен коммуналдық жүйелерге қатысты мәселелер баланс ұстаушының құзырында. Ыстық судың болмауы қалалық желідегі жағдайға байланысты, бүкіл қала бойынша су беру тоқтатылған. Нысан резервтік ыстық су көзімен жабдықталмаған. Өйткені жылумен жабдықтау жүйесі орталықтандырылған және «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС-не тәуелді», - деп жазылған аурухана тарапы таратқан хабарламада.
89
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев